Новости на Newstaraz.

Орталық Азиядаға ықпал ету үшін күрес: Түркия Түркіменстанды Түркі кеңесіне тағы шақырды (видео)

newstaraz.kz

Nikkei Asia жапон басылымы Түркия мен Ресейдің Орталық Азияға ықпал ету үшін күресіп жатқаны туралы мақала жариялады.

Материалда Орталық Азия аймағында Түркі кеңесінің атқаратын рөлі мен Ресейдің аймақтағы мемлекеттермен жақын қарым-қатынасын сақтап қалуға тырысатыны туралы айтылды.

Мақалада айтылғандай, Ресей Анкараның Түркі кеңесін аймақтағы түркітілдес елдердің өзара байланысын арттыратын көмекші құрал ретінде пайдалануына кедергі келтіргісі келеді.

31 наурызда Түркі кеңесіне кіретін мемлекеттердің басшылары видеоконференцияның көмегімен бейресми саммит өткізді. Кеңес бұл саммитке түркімен лидерін де шақырды.

Түркітілдес мемлекеттердің әріптесігі кеңесі 2009 жылы құрылған. Оның құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Ұйымға Венгрия бақылаушы ретінде қатысады.

Бейтарап саясат ұстанатын Түркіменстан Түркі кеңесіне кірмейді, бірақ Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Түркіменстанды ұйымға қосылуға бірнеше мәрте шақырған.

Жапон басылымының жазуынша, Акнара Ашғабадты Түркі кеңесіне шақырса, Мәскеу Түркіменстанмен әріптестігін арттыруды көздейді.

Гурбангұлы Бердымұхамедов 31 наурызда Түркі кеңесінің саммитіне қатысып жатқан уақытта, Түркіменстанның сыртқы істер министрі Рашид Мередов пен президенттің ұлы әрі вице-премьер Сердар Бердымұхамедов 30 наурыз бен 2 сәуір аралығында Мәскеуде Ресейдің жоғары лауазымды шенеуніктерімен кездескен.

centralasian.org

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »