Ош және Жалал-Абад қалаларында жаңа әуежай салынады
Ош және Жалал-Абад қалаларында жаңа әуежайлар салынады. Бұл туралы президент әкімшілігі хабарлады.
Жобаға сәйкес, бұл барлық халықаралық талаптарға және қауіпсіздік талаптарына жауап жауап беретін толыққанды әуежайлар болады.
Ақпаратқа қарағанда, қазіргі әуежайдың орнына заманауи көп қабатты тұрғын үйлер салынады. Бұл пәтерлерді мемлекеттік ипотекалық компания арқылы жеңілдетілген шартта ипотекаға беріледі.
Ош әуежайы — Қырғызстанның Манас әуежайынан кейінгі екінші үлкен әуежай. Ал Жалал-Абад әуежайы ішкі рейстерді ғана орындайды.
newstaraz.kz