Оштағы белсенділер ойынхана ашуға қарсы акция өткізді
12 мамырда Қырғызстанның Ош қаласындағы белсенділер ойынханаға қарсы акция ұйымдастырды.
Он шақты азамат «Ош ойынханаға қарсы» деп жазылған плакат ұстап шықты. Акцияға қатысқандар ойын мекемелерінің қызметіне рұқсат беретін заң жобасына қарсы екенін мәлімдеді.
11 мамырда Жогорку Кенеш Қырғызстан аумағында ойынханаға рұқсат беру жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Құжат ойын автоматтарын орнатып, онлайн-казино ашуға да рұқсат береді.
Заң жобасы қабылданған жағдайда, Қырғызстан азаматтарына жне 21 жасқа толмаған шетел азаматтарына мұндай мекемелерге кіруге тыйым салынады. Қырғыз үкіметі мұндай мекемелерге салықты жыл сайын көбейтіп өтіруді көздейді. 2022 жылы ойын бизнесінен 1 миллиард сом, ал 2024 жылы 2 миллиард сом бюджетке түседі деп жоспарланған.
Қырғызстанда 2012 жылы ойын бизнесін ұйымдастыруға тыйым салатын заң күшіне енген.
newstaraz.kz