Палестина Израильге 600-дан астам зымыран ұшырды. Тель-Авивте әуежай жабылды
Сейсенбі кешкісін Палестина Израильге қарата 130 рет зымыранмен атқылады. Олардың бірі Тель-Авивке бара жатқан жолаушылар автобусына тигені хабарланды.
Атқылаудан кейін Бун Гуриона атындағы әуежай уақытша жабылып, ғимараттағы адамдар эвакуацияланды. Тель-Авивке бара жатқан ұшақтар Кипрге жөнелтіліп жатыр.
Жалпы соңғы тәуліктерде Палестина Израиль аймағына 600-ден астам зымыран ұшырған. Олардың көбін зымыраннан қорғану жүйесі атып түсірген, бірқатары Ашкелон қаласындағы екі тұрғын үйге тиген. Сейсенбі күні кешкісін Израиль басылымдары аталған қалада екі адам қаза болып, ондаған кісі жарақат алғанын хабарлады.
Бұл шабуыл үшін жауапкершілікті ХАМАС және «Ислам жихады» радикал топтары өзіне алды.
Өз кезегінде Израиль армиясы палестиналықтардың 100-ден астам нысанына шабуыл жасады. Олардың бірнешеуі адамдар тұратын үйлерге жақын орналасқан. 11 мамырда палестин басылымдары бірнеше тұрғын үй зардап шегіп, ондаған адамның қаза болғанын хабарлады. Бірақ Израиль тек радикал топтардың тұратын нысандарына ғана шабуыл жасадық деп жатыр.
Аймақтағы соңғы қақтығыстарға еврей тұрғындардың көшіп келуіне мүмкіндік беру үшін палестиналық отбасыларды Шығыс Иерусалимдегі үйлерінен көшіру туралы сот шешімі себеп болған. Оған наразы болған палестиналықтар жұма намаздан кейін полиция қызметкерлеріне қарсы тас, бөтелке лақтырған.
Палестиналық басылымдардың мәліметіне қарағанда, израиль тарап наразы болғандарды тарату үшін құлақ тұндыратын гранаталар мен желім оқтарды пайдаланған. Одан кейін полиция Әл-Акса мешітін күшпен алып, ондағы адамдарды ғимараттан шығуына мәжбүрлеген.
Жыл сайын 10 мамырда Иерусалим күні атап өтіледі: бұл күн 1967 жылғы Алты күндік соғыстан кейін Шығыс Иерусалимнің Израиль қарамағына өтуіне орай белгіленген. Биыл бұл күн мұсылмандар үшін қасиетті ай саналатын Рамазан айымен тұспа-тұс келді.
newstaraz.kz