Париждіктерге шабуылдаған Шешенстан тумасы арнайы қызметтің бақылауында болған
Сенбі күні Париж орталығында халыққа «Аллаху акбар!» деп пышақ ала жүгірген Шешенстан тумасы Хамзат Азимов 2016 жылдан бері радикалды исламшылдар жақтасы ретінде полицияның бақылауында болған.
France Info басылымының хабарлауынша, ол Франция азаматтығын 2010 жылы алған. Хабарларға қарағанда, Азимов 1997 жылы 1 қарашада Шешенстанда туған, Страсбург университетінде оқыған.
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзінің Telegram-арнасы арқылы Азимовтың республикада дүниеге келгенін, онда 14 жыл тұрғанын растады. Қадыров жас баланың радикал ағымның жетегінде кетуіне Франция жауапты деп есептейді.
Азимовты полиция атып өлтіргенге дейін ол бір адамды пышақтап өлтіріп, төрт адамды жаралап үлгерген.
Шабуыл париждік Опера ғимаратына жақын маңда — Франция астанасының туристер көп жүретін ауданында тіркелді.
newstaraz.kz