Новости на Newstaraz.

Павлодарда тағы бір үшем дүниеге келді

Әрқайсының салмағы бір келі 600 грамм үш бала дүниеге келді. Балалардың анасының денсаулығы жақсы.

 

 

Павлодарда қаңтар айынан бастап осымен екінші үшем дүниеге келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Айман Оспанова мәлім етті.

«Әрқайсының салмағы бір келі 600 грамм үш бала дүниеге келді. Балалардың анасының денсаулығы жақсы. Нәрестелер әзірге жансақтау бөлімінде. Дегенмен, бұл — қалыпты жағдай. Себебі балалар мерзімнен бұрын туған. Сәбилердің ата-анасы көптен бері перзент сүюге дайындалды», — дейді А. Оспанова.

Дереккөздің айтуынша, балалардың анасы облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасында, ал әкесі Павлодар қаласының әкімдігінде жұмыс істейді.

Омар Еркін

Фото:severpost.ru

 


 

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Translate »