Пентагон Киевке тікұшақ пен әскери көлік жібереді
Пентагон Украинаға Ми-17 тікұшақтары мен Humvee әскери көліктерін жіберуді қарастырып жатыр. Осылай деп The Washington Post Ақ үй өкіліне сілтеме жасап хабарлады.
Сұқбат берушінің мәліметінше, әскери көмектің құны 750 миллион долларға бағаланып отыр.
The Washington Post жазуынша, әскери көмектің ішінде ұшқышсыз ұшатын аппарат, радиациядан сақтайтын киімдер бар.
Осының алдында Reuters агенттігі де Ақ үй Киевке 750 миллион доллар көлемінде әскери көмек көрсетеді деп хабарлаған.
Өткен аптада АҚШ сенаты Джо Байденге Украина және шығыс Еуропа елдеріне әскери көмек көрсететін ленд-лиза бағдарламасын қолдануға мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдаған. Бұл бағдарлама соңғы рет Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қолданылған. Сол кезде АҚШ Ұлыбритания және СССР-ға көмек жіберген.
«Рёнхап» агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Корея да келесі аптада Украинаға әскери көмек көрсетпек.
newstaraz.kz