Польша тәжік азаматы, ресейлік белсендіні қорғаудан бас тартты
«Саша Печенька» лақап атымен танымал 24 жастағы Саиданвар Сулаймонов Варшава өзін Тәжікстанға депортациялайды деп қауіптенеді.
Ол — былтыр Таулы Бадахшандағы қанды оқиға кезінде әлеуметтік желі арқылы ашық наразылығын білдірген азаматтардың бірі.
Польша билігі 20 ақпанда оның өмір баянынан елінде қауіп төндіретін қандай-да бір фактілер анықтамағанын жеткізген.
Саиданвар Сулаймонов 2008 жылдан бері Ресейде тұрып, қазір түрмеде отырған Андрей Пивоваровтың сайлауалды штабында жұмыс істеген. Соңғы рет БАҚ ол туралы Алексей Навальныйды қолдау акциясынан кейін жұмыстан қуылғаны жайлы жазған.
Сот Сулаймоновқа Ресейге 40 жылға кіруге тыйым салынатын шешім шығарған. Осыдан кейін ол 2021 жылы Польшаға кетуге мәжбүр болғанын айтқан. Польшада ол журналист ретінде жұмыс істеп, украиндық босқындарға ерікті ретінде көмектесіп келген.
Саиданвар Сулаймонов Польша билігіне қайтадан үндеу жасап, өзін халықаралық тұрғыдан қорғауды сұраған.
newstaraz.kz