Пригожин: Ресейге соғыстан 32 мың тұтқын оралды
«Вагнер» жеке әскери компаниясының жетекшісі Евгений Пригожин Украина аумағында соғысқан 32 мың тұтқын Ресейге оралды деп мәлімдеді өзінің телеграм-каналында.
Пригожин соғысқа қатысып, бостандық алғандардың ішінде 83 қылмыс қайта жасалғанын, бұл «Вагнермен» келісім-шартқа отырмаған мезгілмен салыстырғанда 80 есеге аз деді. Бірақ мұны дәлелдейтін ешқандай нақты ақпарат жоқ.
Ресей президенті Владимир Путин жеке әскери компания құрамында Украинаға соғысқа барған тұтқындарға рақымшылық жасайтын бұйрыққа қол қойғанын мәлімдеген.
newstaraz.kz