Новости на Newstaraz.

Путин Пригожин бүлігі кезінде ұшқыштар өлгенін мойындады, бірақ кім жауапты екенін айтпады

newstaraz.kz

26 маусымда Ресей президенті Владимир Путин халыққа үндеу жолдады. «Вагнер» жалдамалы әскер тобының жетекшісі Евгений Пригожиннің бүлігі басылғаннан кейін алғаш рет эфирге шыққан Путин оқиға кезінде әскери ұшқыштар өлгенін мойындады. Бұл ақпарат бұған дейін ресми түрде расталмаған.

«Қаза болған ұшқыштардың ерлігі Ресейді сақтап қалды», – деді Путин. Бірақ олардың қазасына кінәліні атамады, кім жауап беретінін айтпады.

Оның сөзіне қарағанда, «Вагнер» жауынгерлерін әлдекім пайдаланбақ болған. Путин «соңғы сызықтан өтіп кетпей, дұрыс шешім қабылдаған» жалдамалыларға алғыс айтып, Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасауды немесе туған-туыстарына оралуды, не болмаса Беларусьқа кетіп қалуды ұсынды.

«Кеткісі келгендер Белоруссияға кете берсін. Уәдемді орындаймын. Қайталаймын, әркім өзі таңдасын, бірақ бұл – ауыр қателігін түсінген Ресей жауынгерінің таңдауы болады деп сенемін», – деді Путин.

Путин 24 маусымда оқиға басталған кезде-ақ қантөгіске жол бермеуге бұйрық бергенін мәлімдеді.

Алайда Пригожин бастаған «Вагнер» жалдамалылары Мәскеуге «әділет жорығы» кезінде Ресей тұрақты әскерінің бірнеше тікұшағы мен ұшағын атып түсіргені, бірнеше ұшқыш (нақты саны туралы ресми ақпарат жоқ) қаза болғаны туралы хабар тараған.

Путиннің сөзінше, бүліктің тоқтауына шешуші ықпал еткен күш – Ресей қоғамының ынтымағы мен патриоттық көңіл күйі болған. Ол Беларуьстің авторитар билеушісі Александр Лукашенкоға «жағдайды бейбіт шешуге үлес қосқаны үшін» ризашылық білдірді.

Ресей президентінің үндеуі бес минутқа созылған. Сол үшін Ресейдің Бірінші арнасы эфирін үзген.

23 аусымда «Вагнер» жалдамалыларының жетекшісі Евгений Пригожин Ресей қорғаныс министрлігін «тылымыздан зымыранмен атты» деп айыптап, қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен бас штаб бастығы Валерий Герасимовты жауапқа тарту үшін Мәскеуге қарай «әділет жорығына» аттанатынын мәлімдеген.

«Вагнер» жалдамалылары бір тәулікте Дондағы Ростов пен Воронеж қалаларын бақылауға алып, әрі қарай Мәскеуге кеткен. 24 маусымда «Вагнер» әскері Мәскеуге шамамен 200 шақырым қалғанда Пригожинмен Лукашенко сөйлесіп, «Вагнердің» кейін қайтқаны хабарланған.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »