Путин: Түркиямен тарихи келісімге қол жеткіздік
Түркия мен Ресей президенттері Режеп Ердоған мен Владимир Путин Сочиде Сирия-түрік шекарасының шығыстан Евфрат өзеніне дейінгі аймақты бірлесіп бақылау жөнінде келіскенін мәлімдеді.
Келісім мәтінін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров оқыды. Оған сәйкес, түрік билігі екі апта бұрын Сирияның солтүстігіне бастаған операциясы нәтижесінде басып алған 30 шақырым аймақты бақылайды. Ал қалған 30 шақырымда Ресей әскері бақылауына алады. Ал күрд әскері аймақты тастап шығуы тиіс. Осыдан кейін бұл аймақта орыс-түрік бірлескен әскери бақылауы құрылады.
МЕМОРАНДУМ О ВЗАИМОПОНИМАНИИ МЕЖДУ РОССИЙСКОЙ ФЕДЕРАЦИЕЙ И ТУРЕЦКОЙ РЕСПУБЛИКОЙ pic.twitter.com/trHziArh89
— PoliteMaps (@PoliteMaps) October 22, 2019
Ердоған сейсенбі күні Сочиге барып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Келіссөздер алты сағатқа созылды.
Келіссөз нәтижесін Ресей президенті тарихи келісім деп мәлімдеді.
Ердоғанның айтуынша, бұдан былай орыс-түрк әскері бақылайтын аймаққа Түркиядағы босқындарды кіргізеді.
https://www.centralasian.org/a/30231561.html
newstaraz.kz