Ресей қорғаныс министрлігі: «Азовстальді» қорғаған 1730 адам тұтқынға түсті
Ресей қорғаныс министрлігі 19 мамырда Мариуполь қаласындағы «Азовсталь» зауыты аумағынан тағы 771 украин жауынгері ресейшіл жікшілдер бақылауындағы аумаққа көшірілгенін мәлімдеді.
Осылайша, 16 мамырдан бері комбинатта тұтқынға түскен украин жауыншерлері саны 1730-ға жетті. Олардың арасында 80 жаралы бар.
Киев әзірге Ресейдің бұл мәліметіне пікір білдірмеді. Бұның алдында Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр Ресей жағының украин әскерилерінің тұтқынға берілгені жөніндегі мәлімдемелеріне мән бермеуге үндеген.
Дегенмен бұның алдында украин билігі әскерилер «Азовсталь» зауытын қолбасшылық бұрығымен шығып жатқанын растаған. Киевтегі ресми дереккөздер мұны «эвакуация» деп атағанды жөн көреді. Киев оларды тұтқын алмасу тәртібімен елге қайтаруды көзеп отыр.
Зауыт аумағында қанша украин жауынгері қалғаны әзірге белгісіз. Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, «Азовстальда» шамамен 2500 адам болған. Украин жағы зауыт аумағында қанша адам барын білетінін, бірақ мәліметті жарияламайтынын хабарлаған.
«Азов» жасағы 2014 жылы ерікті батальон ретінде құрылған. Оны құруға асыра оңшыл белсенділер атсалысқан.
newstaraz.kz