Ресей әртүрлі қылмыстар бойынша айыпталып жатқан үш адамы Өзбекстанға экстрадициялайды
Ресей билігі Өзбекстанның бас прокуратурасының сұрауымен заңсыз есірткі сатуға және алаяқтық бойынша айыпталған үш адамды Ташкентке экстрадициялайды. Бұл туралы Ресейдің бас прокуратурасы мәлімдеді.
Мәліметке қарағанда, олардың бірі 2020 жылдың мамыр айында заңсыз түрде ірі көлемде есірткі сатып алып, оны сақтап келген. Биыл ақпан айында ол полиция басшылығына 100 доллар бара беріп жатқан кезінде ұсталған.
Бұдан бөлек тағы бір өзбекстандық «Финляднияға жұмысқа орналастырам деп алдап» ақша алса, тағы біріне бопсалап ақша талап етті деген айып тағылған.
newstaraz.kz