Ресей Өзбекстанның негізгі сауда әріптесі болды
Ресей 2022 жылы Өзбекстанмен сыртқы сауда айналымында басты әріптесі болған. Өзбекстанның статистикалық комитетінің мәліметінше, былтыр Ресеймен сауда айналымы 22,9% өсіп, 9 млрд 279 млн 700 мың долларға жеткен.
Ресейге экспорт көлемі 46,8% өсіп, 3,07 млрд долларға жеткен. Импорт 13,7 пайызға жетіп, 6,2 млрд долларды құраған.
Қытай Өзбекстанмен сыртқы сауда айналымында екінші орында тұр. Екі елдің тауар айналымы 8 млрд 923 млн 800 мың доллар болған. Экспорт 2,5 млрд доллар, ал импорт 6,4 млрд долларға жеткен.
Қазақстанмен сауда айналымы 4,6 млрд доллар, Түркиямен 3,22 млрд доллар және Оңтүстік Кореямен 2,3 млрд доллар болған.
Былтыр Өзбекстанның жалпы сыртқы сауда айналымы 50 млрд доллар болған. Оның 19 млрд 309 млн — экспорт, 30 млрд 699 млн — импорт.
newstaraz.kz