Ресей: 9 мамырда соғысқа қарсы пикетке шыққан жүзден астам адам ұсталды
Шествие «Бессмертного полка» в центре Москвы, 9 мая 2022 года
Ресейде 9 мамырда Жеңіс күні қарсаңында қарсылық акциясын өткізген 125 адам ұсталды деп хабарлайды «ОВД-Инфо» басылымы.
Ақпаратқа қарағанда, олардың 80-нен астамы соғысқа қарсы акциялар, пикеттер және белгілер үшін ұсталған.
«Мәскеудегі Пушкин алаңында соғысқа қарсы екенін жеткізіп, мәмпәси таратып жүрген бір адам ұсталды. Полиция қызметкерлері ол адамды және SOTA журналисі Егор Шатовты ұстап кетті. Журналист мәмпәси тарапты жүрген адамнан сұқбат алып жатқан», — деп жазды «ОВД-Инфо».
Сонымен бірге Пушкин алаңында пикетке шыққан Дмитрий Коваль деген азамат та ұсталған. «Соғыс – тыныштық емес, еркіндік – құлшылық емес, білместік – күш емес» деп жазылған плакат болған.
Бұдан бөлек Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Орынбор және басқа қалаларында «Өлмес полк» акциясына соғысқа қарсы жазуларды көтеріп шыққан ондаған адам ұсталды.
Мәскеу метросында 37 адам ұсталғаны хабарланды.
newstaraz.kz