Ресей 9 сәуірде 52 елге ұшуға тыйым салған шектеуді алып тастайды
Международный аэропорт Шереметьево, Москва
Ресей 9 сәуірде 52 елге ұшуға тыйым салған ковид шектеулерін жояды, – деп мәлімдеді премьер-министр Михаил Мишустин.
Тізімге Ресейде «дос» мемлекеттер енді, деді шенеунік. Мәселен, онда Ауғанстан, Египет, Қытай және Марокко бар.
Мишустиннің айтуынша, коронавирус жұқтырғандар көрсеткіші азайып келеді, сол себепті ресейлік әуе компанияларының ұшу бағыттарын көбейтетін уақыт келді.
Бұған қоса, 9 сәуірде Қытаймен шекарада ресейліктер мен шетел азаматтарына құрлықтағы шекарадан өтуге жарияланған шектеулердің бәрі алынады.
Ресейдің басқа да елдермен шекарасынан өту кезінде кейбір шектеулер әлі алынған жоқ. Олар 2020 жылы коронавирус індеті кезінде жарияланған.
Ресейдің Украинадағы «арнайы операциясы» басталғалы Еуропа одағының мүшелері, АҚШ, Ұлыбритания және басқа да елдер ресейлік ұшақтар үшін әуе кеңістіктерін жапты.
newstaraz.kz