Ресей ЕАЭО елдеріне астық сатуға салынған тыйымды алып тастады
Ресей үкіметі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге астық шығаруға салынған тыйымның күшін жойды. Бұл туралы Ресейдің Қырғызстандағы елшілігі хабарлады.
Мәліметтерге қарағанда, ЕАЭО елдеріне астық шығару үшін Ресейдің ауыл шаруашылығы министрлігінен рұқсат алу қажет.
14 наурызда Ресей үкіметі «сыртқы шектеулер күшейген уақытта ішкі азық-түлік нарығын қорғау үшін» ЕАЭО елдеріне астық сатуға 30 маусымға дейін уақытша тыйым салды.
БҰҰ сарапшыларының пікірінше, Украинадағы соғыс әлемде азық-түлік тапшылығын тудыруы мүмкін. Себебі Украина мен Ресей әлем нарығына астық пен өсімдік майын көп шығарады. Бұған қоса, бұл елдер дәнді дақылдардың жүгері, сұлы секілді басқа да түрлерін әлемге экспорттап отыр.
newstaraz.kz