Ресей: Тәліптер көрші елдерге шабуыл жасамауға уәде берді
Ауғанстанда «Талибан» қозғалысы Өзбекстанмен, Тәжікстанмен шекаралас аумақты басып алды, бірақ көрші елдерге шабуыл жасамауға уәде берді. Осылай деп Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу Бүкілресейлік жастардың білім форумында мәлімдеді.
Шойгудың сөзінше, тәліптер шекараны бұзып, көрші елдерге шабуыл жасайтындай деструктивті іс-әрекет жасамайды.
Таяуда ғана тәліптер Құндыз ауданын бақылауға алғанын еске салған Шойгу Ресей Ауғанстаннан келетін қауіптен қорғану үшін Орталық Азия армиясын модернизациялауға көмектесетінін жеткізді.
«Осыған дейін Ауғанстаннан есірткі тасымалы, террористердің Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан аумағына өту қаупі болған. Енді қазір біздің одақтастарымыз бәріне дайын болу үшін оларға қолдан келгенше көмектесеміз», — деген Ресейдің қорғаныс министрі.
Өткен аптада тәліптер Ауғанстанның алты провинциясын басып алғаны хабарланған.
newstaraz.kz