Новости на Newstaraz.

Ресей тергеуі Волгоградта Құран өртеген адамды «Украинаның арнаулы қызметі жіберген» деп есептейді

newstaraz.kz

Ресейдің Волгоград қаласының тергеу комитеті мешіт маңында Құран өртеген адамның үстінен «діни наным-сенімді қорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Тергеудің мәліметіне қарағанда, ұсталған күдікті бұрын Украина қауіпсіздік қызметінде «жұмыс істеген». Бұл іс Шешенстанда тергеледі, Ресей әділет министрі күдіктіні «мұсылман халықтары көп аймақтағы колонияға жіберуді ұсынған.

Құран өртелген видео Волгоград қаласының орталық мешіті маңында түсірілген. 11 секундтық ролик орыс тіліндегі телеграм-арналарда таралған. 20 мамырда Ресейдің Федерациялық қауіпсіздік қызметінің күдіктіні ұстаған видеосы жарияланған. Видеоға қарағанда, Севастополь қаласында туған 19 жастағы Никита Журавель қарапайым курьер болып жұмыс істейді.

Тергеу нұсқасына қарағанда, 19 мамырда Журавель «Украина қауіпсіздік қызметінің тапсырмасымен Құранды өртеген, сол үшін 10 мың рубль алатын болған. Күдікті кінәсін мойындаған, Украина қауіпсіздік қызметінің тапсырмасымен әскери нысандарды суретке, видеоға түсірген». «Тыңшылық жасады» немесе «шетел агентімен байланыс жасады» деген баптар бойынша қылмыстық іс қозғалғаны я қозғалмағаны туралы тергеу ақпарат бермеді» дейді «Кавказ.Реалии».

Діни наным-сенімді қорлағаны үшін күдікті үш жылға дейін бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкиннің тапсырмасымен бұл іс Шешенстанның тергеу қызметіне берілген.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »