Новости на Newstaraz.

Ресейде қамауда болған тағы бір қырғыз азаматы Украинадағы соғыста қаза тапқан

newstaraz.kz

Ресейде түрмеде қамауда болған тағы бір қырғыз азаматы Украинадағы соғыста қаза тапқаны белгілі болды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Соғыста опат болған Қырғызстан азаматы Ерлан Ермековтің анасының айтуынша, ұлы «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясы арқылы соғысқа тап болған.

Әйел ұлы өлгенін 20 ақпанда естіген.

«Ол 6 ақпанда опат болған екен. Түрмедегі балаларды соғысқа жіберудің қажеті жоқ. Мен жалғыз ұлымнан айырылдым. Өзге аналардың бұлайша қайғыдан қан жұтуына жол бермеңіздер, өзге балаларды құтқарыңыздар» деді марқұмның анасы Гүлнәр Закирова.

Ақпаратқа қарағанда, Ресейде 9 жылға сотталған 30 жастағы Ерлан Ермеков Украинадағы соғысқа «Вагнер» жекеменшік әскери тобы арқылы барған. Ол соғыста шамамен төрт ай болған. Ермеков Ресейде 2019 жылы «тонау» және «зорлау» бабымен айыпталып, бас бостандығынан айырылған.

30 жастағы Ерлан Ермеков – Украинадағы соғыста қаза болғаны белгілі болған төртінші қырғыз азаматы. Олардың барлығы Ресейде түрмеде отырған.

Кейінгі мәліметке қарағанда, Ресейдің 79 жазалау мекемесінде 1077 қырғыз азаматы жазасын өтеп жатыр. Бұған дейін Жогорку кеңеш депутаты Ресей түрмесіндегі қырғыз азаматтарын соғыстан қорғау үшін оларды елге экстрадициялауды жеделдетуге үндеген.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »