Ресейде Қырғызстанның ұлттық «Элкарт» төлем картасы шығарылмақ
Қырғызстанның Ұлттық «Элкарт» төлем картасы жақын уақытта Ресейде шығарылуы мүмкін.
Ресейдің ТАСС ақпарат агенттігінің мәліметінше, бұл жөнінде Қырғызстанның экономика және коммерция министрі Данияр Амангелдиев Санкт-Петербургта өткен халықаралық экономикалық форумда мәлімдеді.
Басылым мәліметінше, министр «қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, бір жылдың ішінде жүзеге асуы мүмкін» деген.
Аталмыш министрлік бұл жайында нақты мәлімет таратпады.
«Элкарт» ‒ Қырғызстанда ең танымал төлем картасы. Ресми мәлімет бойынша, 2022 жылы 4,3 млн дана төлем картасы шығарылса, оның 60% осы «Элкарт» болған. Ал қалған 40% ‒ Visa төлем картасы жүйесі.
Былтыр Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін РФ банктеріне халықаралық санкция салынған. Нәтижесінде Ресейдің «Мир» төлем картасына көптеген елдер қызмет көрсетпейді.
newstaraz.kz