Ресейде бес жасар тәжік қызының өліміне айыпталушы 24 жылға сотталды
2018 жылы Ресейде бес жасар тәжік қызы Хувайдо Тиллозоданы зорлықпен өлтірді деп айыпталған Александр Семин 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Мәскеу облыстық сотының үкімі 15 наурызда шықты.
Айыпталушыға өмір бойы түрме жазасын беруді талап етемін деп күрескен Хувайдоның әкесі Абдусалом Саидов сот шешімімен келіспейді.
«Сот үкіміне қарсы шағым беремін. Ол өмір бойы түрмеде отыруы тиіс», — деді Абдусалом Саидов.
Хувайдо Тиллозода 2018 жылы үйінің алдында ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткен. Кейін темір жол бойынан денесі табылды. Күдікті ретінде көршісі Александр Семин қамауға алынған.
newstaraz.kz