Ресейде бір аптаның ішінде 140 қырғызстандық депортацияланды
Өткен аптада Ресейден миграция заңын бұзды деген айыппен 136 қырғызстандық депортацияланды. Бұл жөнінде Қырғызстанның еңбек министрлігінің Ресейдегі өкілі Кубандык Акматбеков мәлімдеді.
Оның сөзінше, уақытша тергеу абақтысында тағы 100 қырғызстандық отыр.
Акматбеков Ресейде ресми тіркеусіз жүрген қырғыз мигранттары көп екенін жеткізді.
Соңғы жылдары Ресейге жұмыс істеуге баратын мигранттарға талап күшейген. Олар медициналық тексеруден өтіп, саусақ іздері мен жеке суреттерін де тапсыруы тиіс.
Былтыр Ресейден екі мыңға жуық қырғызстандық депортацияланған.
newstaraz.kz