Ресейде тәжік мигранттары тұрып жатқан вагон өртенген (видео)
5 маусымда Мәскеу облысында тәжік мигранттары тұрып жатқан төрт бірдей вагон өртенген.
Оқиға орнынан видео түсіріп жіберген мигранттардың бірі адамдардың бәрі құтқарылғанын, тек олардың жеке құжаттары мен киім-кешектері түгел өртеніп кеткенін айтады.
«Біз тез арада өрт сөндіру қызметіне хабарластық. Бірақ олар сол күйі келмеді. Мигранттардың көбінің жеке құжаттары, киім-кешектері өртеніп кетті», — деді ол.
Бұл оқиға жайында ресми тараптан хабар болмады.
Былтыр Свердлов облысы Белояр ауданында өрттен бір тәжік отбасы зардап шеккен.
newstaraz.kz