Ресейдегі басылымдар БАҚ өкілдерін қудалауға қарсы акция өткізіп жатыр
Ресейдегі «Новая газета», 7×7, Republic, Wonderzine, Forbes, «Медуза», «Дождь» және басқа да басылымдар журналистерді қудалауға қарсы акция өткізіп жатыр.
Олар Ресей президенті Владимир Путинге, Федералдық қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортниковқа, ІІМ басшысы Владимир Колокольцевке, Мемлекеттік дума төрағасы Вячеслав Володинге және басқа да жоғары лауазым өкілдеріне ашық үндеу жолдады.
Журналистер БАҚ-қа, олардың баспагерлері мен жеке тұлғаларға «шетел агенті» мәртебесін беру туралы шешімді қайта қарауды, сонымен бірге әріптестерін қудалауды доғаруын талап етті.
Ашық үндеудің толық мәтінін «Новая газета» сайтынан оқуға болады. Басылымдар Ресей билігіне алты талап қойды.
Ресейде 43 заңды және жеке тұлға «шетел агенті» тізіміне енген. Олардың арасында Азат Еуропа/Азаттық радиосының орыс қызметі де бар.
newstaraz.kz