Новости на Newstaraz.

Ресейдегі еңбек мигранттарын күшпен ұстап жатыр (видео)

newstaraz.kz

Санкт-Петербург қалалық полициясының арнайы жасағы еңбек мигранттарының бір тобын ұстап, олардың бірқатарына күш көрсеткен.

Мигранттар Газпром корпорациясына қарасты «Лахта центр» көп қабатты ғимаратының құрылыс алаңында жұмыс істеп жүрген. Оқиға 19 мамырда сағат 12 шамасында болған.

Азаттықтың Тәжік қызметі — Озоди радиосы редакциясына жолданған видеодан арнайы жасақтың бірнеше мигрантты автобусқа отырғызғанын, бір жас жігітті жерге құлатып, оның қолына арқасына қайырғанын көруге болады.

Бірнеше мигрант арнайы жасақ әрекеті заңсыз, жас жігіттің құжаттары бар екенін ескерткеннен кейін ғана полиция қызметкерлері жерде жатқан мигрантты тұрғызып, полиция бөліміне жеткізу үшін автобусқа отырғызған.

Ресей билігі «Лахта центр» құрылысында істейтін мигранттардың құжаттарын тексеруге не себеп болғанын әлі күнге дейін түсіндірмей отыр.

Тәжік мигранттарының бірінің 20 мамырда Озоди радиосына хабарлауынша, арнайы жасақ Тәжікстан мен Өзбекстаннан келген еңбек мигранттары түскі демалыста құрылыс алаңы аумағынан шыққан уақытта ұстаған.

«15-20 адамды ұстап әкетті. Жігіттерді жәбірледі. Олардың қолын қайыстырды. Бірақ ешкім шағымданбайды. Шағымданған адамды жұмыстан шығарады, не депортациялайды. Сол себепті ешкім шағымданбайды, бәрі қорқады», дейді тәжік мигранты.

Ресейде жұмыс істейтін еңбек мигранттарының айтуынша, құжаттары түгел, патентке ақша төленсе де сырттан келген жұмысшыларға күн көрсетпей жатыр. «Бәріне 5 мың рубль айыппұл салады. Бір жерде тіркелдің, екінші жерде жұмыс істейсің дейді. Қарсылық көрсетсең тергеу изоляторына тастайды. Ол жерден айыппұл төленбейінше босатпайды».

Ресейде осыған ұқсас оқиға басқа да қалаларда болған. Жақында ғана Екатеринбург қаласында «Заңсыз мигранттар» операциясы өткен. Жергілікті полиция іс-шараның мақсаты — «көші-қон заңдарын бұзғандарды анықтау» деп хабарлаған.

Мәскеудегі еңбек мигранттары да сырттан келген жұмысшыларды көшеде тексеру мен ұстау жиілегенін айтып отыр. Еңбек мигранттарының бірінің Озоди радиосына хабарлауынша, 20 мамырға қараған түні Мәскеу полициясының қызметкерлері «мигранттарды үш автобусқа отырғызып, бөлімшеге алып кеткен».

Осының алдында ғана Ресей билігі Мәскеу облысы Котельники қаласындағы мешіт 17 мамырда жабылғанын, 34 мигранттың үстінен әкімшілік хаттама толтырылғанын растаған. Тексеруге жергілікті тұрғындардың Ресей президентіне жазған хаты себеп болған. Тұрғындар қалада «тұтас тәжік анклавы пайда болғанын», «мұнда өмір сүру қауіпті» екенін жазған.

2022 жылы бір ғана Мәскеу қаласынан 400 мыңға жуық еңбек мигранты депортацияланған.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »