Ресейдегі орманда асылып қалған 15 жастағы қыздың отбасы парламент бақылауында болған
Ресейдің тергеу комитеті 15 жастағы өзбек қызы мен 20 жастағы тәжік жігітінің орманда асылып қалуына байланысты қылмыстық іс қозғады. Олардың денелері биыл 11 шілдеде Ленинград облысындағы орманда табылған.
Орманда асылып тұрған мүрделерді жергілікті тұрғындар байқаған.
Олардың бірі Ташкент облысының 15 жастағы тұрғыны Шахзода Шакирова екені анықталды. Екіншісі — Тәжікстаннан келген жиырма жастағы еңбек мигранты. «Озодлик» мәліметі бойынша, оның есімі — Жахон.
Ертесіне марқұмдардың туыстары табылды.
Ресейдің Ленинград облысындағы тергеу комитетінің өкілдері қылмыстық іс қозғады. Тергеу түрлі нұсқаларды қарастырып отыр. Олардың арасында өзара келісім өз-өзіне қол жұмсау нұсқасы да бар.
Марқұмдардың туыстары Жахон мен Шахзода жақын қарым-қатынаста болғанын растады, бірақ олардың не себепті өмірмен қоштасуға шешім қабылдағанын түсіне алмай отыр.
Биыл сәуірде «Озодлик» Шахзоданың тағдыры туралы видеоматериал дайындаған. Оның анасы Нигора қызы мен өзін кәмелет жасқа толмаған баласының көзінше Ресейде зорлап кеткенін айтқан. Нигора өзбек президентінен көмек сұраған.
Тергеушілер қылмыскерлерді ұстаған. Ол кезде Шахзода 12 жаста болған. Бірақ қылмыстық іс жабылып, күдіктілер бостандыққа шыққан.
Нигора балаларымен Санкт-Петербургтен қашуға мәжбүр болған. Әйел Ленинград облысындағы шалғай ауылдағы бір фермада тұрған.
«Озодлик» сайтында жарияланған материалдан соң бұл отбасының мәселесіне Өзбекстандағы қоғам өкілдері назар аударған. Биыл 19 сәуірде Сенат бұл отбасын бақылауға алғанын хабарлаған.
newstaraz.kz