Ресейдің Украинаға төндірген қаупінен АҚШ-та бензин қымбаттады
Ресей әскерінің Украина шекарасына жақын маңға шоғырлануынан мұнай бағасы шарыптап, соңғы жеті жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті.
Ресейдің Украинаға төндірген қаупі АҚШ президент Джо Байден мен Демократиялық партия үшін күрделі саяси мәселеге айналуы мүмкін, деп есептейді америкалық сарапшылар.
Бензин бағасы бір жылда 40 пайызға көтерілген. Қазір Құрама Штаттарда бензиннің бір литрі шамамен бір долларға сатылып жатыр. Ресей-Украина әскери жанжалы ушыққан жағдайда Ресей мұнайын жеткізу қиындауы мүмкін.
Сейсенбі күні президент Байден бензин бағасын ұстап тұруға қажетті шараларды қолға алғанын мәлімдеді. Алайда үкіметтің баға өсімін тежеуге мүмкіндігі жоқ. Былтыр қараша айында мемлекеттің стратегиялық қорындағы мұнайды нарыққа шығарудан бағаның өсуі бірнеше апта ғана тежелген. JPMorgan банк мамандарының болжауынша, мұнай баррелінің құны 125 долларға жетуі мүмкін.
Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, америкалықтардың 85 пайызы азық-түлік пен бензиннің қымбаттағанын сезген. Сауалнамаға қатысқан тұрғындардың 10 пайызы үкімет бұл мәселені бірінші кезекте шешуі тиіс деп есептейді.
newstaraz.kz