Ресейлік блогер Амиран Сардаров Ислам Каримовтің немересімен ажырасты
Внучки ныне покойного президента Узбекистана Ислама Каримова – Марьям Тилляева (слева) и Иман Каримова в Самарканде.
Белгілі ресейлік блогер Амиран Сардаров Өзбекстанның қайтыс болған тұңғыш президенті Ислам Каримовтің немересі Мәриям Тилляевамен ажырасқанын мәлімдеді. Олардың некесі бір жылға да созылмады.
«Біз Машамен ажырастық. Сен ақылды, мықты әрі жарқылдаған жансың. Осы қалпыңда қалғаныңды қалаймын. Еш өкінбе, ең жақсы күндерің алда, сен бақытыңды табасың. Жақсы өткізген күндер үшін рақмет», – деп жазды Сардаров Instagram парақшасына.
Өз кезегінде Мәриям Тилляева да «Лос-Анжелестегі шағын отбасы үшін» Сардаровқа ризашылығын білдірді.
Әлеуметтік желі қолданушылары «блогер ешқашан Мәриям Тилляеваны жақсы көрмеді, оған америкалық Гран-карта ғана қажет болды» деп жазып жатыр.
Ислам Каримовтің кіші қызы Лола Каримованың қызы Мәриям Тилляева өзінен 13 жас үлкен ресейлік блогерге 2021 жылдың сәуір айында тұрмысқа шыққан.
newstaraz.kz