Новости на Newstaraz.

Ресейліктерге Өзбекстаннан банк есебін ашуды ұсына бастады

newstaraz.kz

Батыстың экономикалық және қаржы санкцияларынан титықтаған Ресейдегі туроператорлар ресейліктерге Visa және Mastercard банк карталарын рәсімдеу үшін Өзбекстанға турпакет ұсынып жатыр.

Мәскеу мен Екатеринбург қалаларындағы туроператорларды біріктірген ресейлік Vedi Group туристік компанясы Өзбекстанға үш күндік тур ашылғанын жариялады. Осы турды сатып алған ресейліктер Visa немесе Mastercard банк карталарын Өзбекстанда рәсімдей алады. Батыс санкцияларына байланысты Ресей тұрғындары қазір аталған карталарды пайдалана алмай жүр.

Vedi Group компаниясының бір қызметкерінің хабарлауынша, Өзбекстанда мұндай карталарды «Капиталбанкте» ашуға болады, ал банк есебін аштыру үшін ресейлік паспорт көрсетсе жетіп жатыр.

– Сапар 23 мың рубль тұрады. VISA және Mastercard карталарын ашуға қажетті құжаттар соның ішіне кіреді. Карталар Өзбекстанда «Капиталбанкте» ашылады. Онда сізді өкіліміз күтіп алады, ол құжаттарды рәсімдеуге көмектеседі. Ол үшін сізде ресейлік паспорт болуы керек. Карта аштыру үшін 80 мың сум (шамамен 7 доллар) төлейсіз. Картаны бір сағатта ашып береді, – деді туристік компания қызметкері.

Еске салайық, 6 наурызға қараған түні Visa және Mastercard төлем жүйелері Ресейдегі қызметін тоқтатқанын жариялады. Бұған Ресейдің Украинаға басып кіруі себеп болды. Енді ресейліктер шетелде және шетелдің интернет-дүкендерінде бұл карталармен төлем жасай алмай қалды. Оның үстіне, Google Pay және Apple Pay сервистері де ресейліктерге қызмет етпейді.

«Капиталбанктің» Ташкенттегі орталық кеңсесінің қызметкері Ресей азаматтары банктен есеп ашып, Visa және Mastercard карталарын рәсімдей алатынын растады.

– Осы мақсатта Өзбекстанға арнайы тур ұйымдастырылып жатқанынан хабарсызбыз. Дегенмен Ресей азаматтары біздің банктен есеп ашып, Visa және Mastercard карталарын ала алады деп сеніммен айта аламын. Бірақ ол үшін ресейлік төлқұжат жеткіліксіз. Өзбекстанда уақытша немесе тұрақты тіркелгеніңіз туралы анықтама да қажет. Сонымен бірге 80 мың сум төлейсіз. Бұған қоса, ай сайын клиенттің банк есебінде кем дегенде 500 доллар жатуы тиіс, – деді «Капиталбанк» қызметкері.

Кейбір мемлекеттер, мәселен, Грузия резидент еместерге наурыз айында елдегі банктерден есеп ашуға тыйым салды. Ал Армениядағы банктер алты айға жалға алғаны туралы келісім-шарт талап етеді. Ресей азаматтары жиі баратын Түркия есеп депозитіне 5 мың доллар салуды талап етеді. Өзбекстандағы банктерде осы тәріздес шектеулер енгізгені жөнінде ресми мәлімет жоқ.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »