РФ Кабулдан Ресейдің және Орталық Азияның 500 азаматын шығарып алады
Ресейдің қорғаныс министрлігі өздерінің, Украинаның және Орталық Азия елдерінің азаматтарын Ауғанстаннан шығарып алатынын хабарлады.
Бұл үшін арнайы төрт әскери-көлік ұшағын әзірлеген. Шамамен 500 адамды эвакуацияламақ. Бұл жөнінде тапсырманы Ресей президенті Владимир Путин берген.
Ұшақта әскерилермен қоса медицина қызметкерлері де болады.
Қазір Ауғанстан «Талибан» қозғалысының бақылауында. 15 тамыздан бері АҚШ пен оның одақтастары ондаған мың адамды шығарып алды.
Әлі қанша адамды эвакуациялайтыны белгісіз. АҚШ әскери операциясын 31 тамызға дейін аяқтаймыз деп отыр.
Ресейде әскери оқу орнын бітірген ауған азаматтары Владимир Путиннің атына үндеу жасап, өздерін Ауғанстаннан шығарып алуын сұрады.
newstaraz.kz