Сұрхандарияда «Ұлықбек қазынасы» табылды
Сұрхандария облысы Сариосий ауданындағы Топаланг өзені жағасынан жергілікті тұрғындар ежелгі жез тиындар тапқан. Бұл жәдігерді жергілікті басылымдар «Ұлықбек қазынасы» деп атап жатыр.
Өзбекстанның Мемлекеттік өнер музейі жергілікті тұрғындардан 512 дана жез тиын алған.
Прокуратура өкілдері музейге қосымша 620 дана жез тиын бір шахмат фигурасын табыс еткен.
«Археологтардың пікірі бойынша, бұл мәдени мұра Мирзо Ұлықбектің (XV ғасыр) басқаруы кезінде жасалған»,- деп хабарлайды бас прокуратура өкілі. Қазір жәдігерлер табылған жер қоршауға алынып, қазба жұмыстары жүріп жатыр.
newstaraz.kz