Сайлау нәтижесімен келіспейтін қырғыз партиялары ОСК алдында митингілетті
29 қарашада парламент сайлауының нәтижесіне келіспейтін саяси партиялардың өкілдері Бішкектегі Орталық сайлау комиссиясының ғимаратының алдына жиналды.
Митингілеткендер арасында «Ата Мекен», «Азаттық», «Улуттар Биримдиг» партиялары мен өзге де саяси бірлестіктердің өкілдері бар.
«Ата Мекен» партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаев пен өзге де саясаткерлер «сайлау нәтижесі бұрмаланды. Ортақ сайлау комиссиясы техникалық ақауға сілтеп отыр» деп есептейді.
Текебаевтың сөзінше «көптеген учаскелерде бюллетендерді қолмен санау процедурасы бұзылған, өйткені сайлау комиссиясының мүшелері қолмен санау кейінге қалдырылды деп бақылаушылардан шыға тұруды сұраған».
Саясаткердің сөзінше, осындай жағдайда саналған дауыстар да күдік туғызады.
«Улуттар Биримдиги» партиясынан талапкер болған журналист Турат Акимов автоматты сайлау жүйесінен екі түрлі мәлімет көрінгені күмәнді ойға жетелейтінін айтты.
«Бюллетеньдерді есептеп жатқанда сервер өзінен өзі өшіп қалып, дауыс жоғалып кетті. Әр партиядан 25-30 пайыздай дауыс азайды,- дейді ол.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссясының төрайымы Нұржан Шайылдабекова сайлау жүйесіндегі ақаудың мән-жайын түсіндіріп, оның сайлау қортыныдысына әсер етпейтінін айтқан.
Әзіргі мәліметтер бойынша, Жогорку кеңешке қойылған 5 пайыз межеден 6 партия өткен. Олардың басым бөлігі билікті қолдайтын саяси ұйымдар деген ақпарат тараған.
Кеше, қарашаның 29-ына кешкі сағат 20-да Қырғызстанда 7-шақырылымдағы Жогорку кеңеш депутаттарына дауыс беру аяқталды.
Қырғызстанда бұл жолғы сайлау аралас жүйе бойынша өтті. Жогорку кеңештің 90 депутатының 54-і – саяси партиялар тізімі бойынша, қалған 36-сы бір мандатты округ бойынша сайланады.
newstaraz.kz