Новости на Newstaraz.

Самарқанда жедел жәрдем дәрігерін науқастың туыстары жабылып ұрған

newstaraz.kz

24 мамырда Өзбекстанның Самарқанд облысындағы Кушрабад ауданында 49 жастағы әйел жедел жәрдем дәрігерінің емдеу әрекетінен соң қайтыс болған.

Куәгерлердің айтуынша, марқұмның туыстары дәрігерді науқасқа инені дұрыс салмады деп айыптап, оны жабылып ұрған.

Кушрабад ауданындағы Медициналық бірлестік жетекшісі махалла жиналысында осындай жағдай болғанын Азаттықтың өзбек қызметіне растады.

Шенеунік 49 жастағы науқас өліміне не себеп болғанын медициналық сараптама анықтайтынын, содан кейін ғана заң аясында шара қолдану керектігін ескертті.

«Жуш» ауылының тұрғыны Лола Душанова 24 мамырда кешке қатты мазасызданған соң, туыстары жедел жәрдем шақыртқан.

Куәгерлердің айтуынша, Душанованың үйіне Жедел медициналық станция филиалының педиатры келіп, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

– Біз оның қандай ине салғанын білмейміз, бірақ содан кейін оның жағдайы тіпті нашарлап кеті. Әйел ине салғаннан кейін қайтыс болды. Сосын марқұмның балалары дәрігерді жабылып ұрды. Марқұмды бүгін жерледік, — деді «Жуш» махалласының бір тұрғыны 25 мамырда.

– Науқаста миокард инфаркты болған деп болжайды дәрігерлер. Дәрігер оған нитроглицерін қоспасын, сонымен бірге анальгин мен димедрол салған. Науқас шынымен сол кезде қайтыс болған. Біз оның жүрегі ауырған деп болжадық, – деді медициналық бірлестік жетекшісі Ұлықбек Шамсиев.

Өзбек дәрігерлерінің бірі соңғы кезде медицина қызметкерлеріне жұдырық ала жүгіру көбейгеніне алаңдайды.

– Науқастың туыстары секем алса, сараптама жүргізуін талап етуі керек еді. Бұл істі прокуратура тергеуі тиіс. Естуімше, марқұмның туыстары оны бүгін түсте жерлеген, – дейді дәрігер.

2019 жылғы қыркүйекте Әндіжан облысындағы Асақын ауданында науқастың туыстары жедел жәрдем фельдшерін жабылып ұрған. Сол кезде Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлеріне күш көрсету оқиғасы жиілегеніне алаңдайтынын мәлімдеген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »