Самарада 68 өзбекстандықтың улануына қатысты үкім шықты
Самара облысының Сызран аудандық соты «Кошелевский посад» астық сақтайтын комибинатының бұрынғы меңгерушісі Валентина Якунинаға қатысты үкім шығарды.
Қылмыстық кодекстің «Байқаусызда кісі өліміне себепкер болды» деген бабына сәйкес, үш жыл еркінен айырды. Ол екі жылын шартты түрде өтейді. Сонымен бірге мекен-жайын ауыстыруға да тыйым салынды. Айыпталушы кінәсін толық мойнына алған.
Сот материалына қарағанда, 2019 жылдың наурыз айында астық сақтау қоймасында жұмысшылар егейқұйрыққа қарсы күнбағыс майынан у әзірлеген. Бұл у сол қоймада сақталған. Кейін дәріленген күнбағыс майы байқаусызда тамаққа қолданылған. Одан 68 адам уланып, үш адам қайтыс болған.
newstaraz.kz