Санкт-Петербургте ТМД елдері президенттерінің бейресми кездесуі өтеді
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 28 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласына жолға шығады.
Қырғызстан мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол ТМД елдері президенттерінің бейресми кездесуіне қатысады.
Жүздесуге Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан президенттері, сонымен бірге Армения премьер-министрі қатысады деп жоспарланған.
Ресей президенті сайтының хабарлауынша, ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуін ұйымдастыруды Владимир Путин ұсынған. Мұндай жүздесулерде президенттер әдетте жылды қорытады, форумда қозғалатын мәселелер алдын ала бекітілмейді.
newstaraz.kz