Новости на Newstaraz.

Сегіз жылын жындыханада өткізген Маржан Тұрлыбаеваны әкесі іздеп келді

newstaraz.kz

Өмірінің сегіз жылын ақыл-есі кем жандардың ортасында өткізіп, кейін өмір бойына жындыханаға тоғытылған бойжеткен Маржан Тұрлыбаева оқиғасына нүкте қойылатын күн жақын. Жақында көпшілікке өзін Маржанның әкесімін деп таныстырған Ермек Мадуарбекұлы бойжеткеннің биологиялық әкесі болып шықты.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

ДНК сараптамасының қорытындысы бойынша Маржан мен Ермектің туыстық байланысы 99,9 пайызға сәйкес болып шыққан. Бұл туралы Тұрлыбаева тағдырын көпшілікке бірінші болып жеткізген журналист Гүлжан Байназарова айтып берді.

Похожие статьи

«Алла қаласа Маржан Тұрлыбаева шамамен бір апта көлемінде бостандыққа шығады. Әрине, сот үкімі заңды күшіне енуі тиіс алдымен. Мен Маржанның тағдырына алаңдағандардың бірі болып бұл іске білек-сыбана кіріскендердің бірі болдым. Әр қазақ өз тегін, руын білуі тиіс қой. Содан Маржанның әкесін іздедім. Талай қаланы аралап, табан тоздырып, әйтеуір Маржанның анасын танитындардың арқасында Ермек Мадуарбекұлы деген азамат Тұрлыбаеваның әкесі екенін білдім. Іздестіріп жүріп, ол кісімен байланысып, мән-жайды айттым», — деді журналист.

Ары қарай болған оқиға көпшілік үшін таныс. Бұл мәселеден хабардар болған Ермек Мадуарбекұлы Шымкентке арнайы келіп, ДНК сараптамасын күтіп отырғанын, оң нәтиже берсе, әкелік міндетін орындауға әзір екенін мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, Ермек Мадуарбекұлы Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Бүгінде Астана қаласында тұрады.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »