Сейсмология институты: Өзбекстанда әр минөт сайын 9 шаршы метр жер шөлге айналып жатыр
Өзбекстанда Ғалымдар академиясына қарайтын Сейсмология институтының директоры, география ғылымдарының докторы Вахоб Рафиков өлкеде шөлге айналған жерлер көбейіп жатқанын мәлімдеді.
«Бұл процесс жыл өткен сайын тездетіп жатыр. Карначул, Мирзачул, Шерабад, Дальварзин, Қарақалпақ шөлдерінің шекарасы кеңейіп жатыр. Оларға соңғы жылдары ең жас шөл — Арал теңізі қосылды», — деді Рафиков.
Оның сөзінше, Арал теңізінің түбінен көтеріліп жатқан құм мен тұз 300-400 шақырым радиусқа жайылып жатыр. Әрбір минөт сайын 9 шаршы метр жер шөлге айналып жатыр.
«Экологиялық және геоэкологиялық проблемалар күн өткен сайын күшейіп жатыр. Егер бұл бағытта шаралар қолданылмаса, 2030-2040 жылдары егін егетін жерлерден тек Ташкент пен оның маңайы ғана қалуы мүмкін», — дейді Рафиков.
newstaraz.kz