Сердар Бердімұхамедовтің Тәжікстанға сапары: әріптестік туралы 23 құжатқа қол қойылды
Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтің Тәжікстанға барған мемлекеттік сапары аясында кездесу нәтижесінде әріптестік туралы 23 құжатқа қол қойылды.
Бұдан бөлек екі ел президенттері Сердар Бердімұхамедов пен Эмомали Рахмон Түркіменстан және Тәжікстан арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы декларацияға да қол қойды.
«Бұл тарихи шешім біздің елдердің мүдделеріне жауап береді және аймақтағы даму мен тұрақтылықтың маңызды факторларының бірі болып есептеледі», — деді Рахмон.
Өз кезегінде Түркіменстан президенті кездесулер достық және өзара түсіністік жағдайында өткенін мәлімдеді.
«Кездесу барысында бейбітшілікті, тұрақтылықты және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне көңіл бөлінді. Әлемдегі болып жатқан проблемалар диалог арқылы шешілуі тиіс деп есептейді», — деді түркімен президенті.
Бердімұхамедов пен Рахмон сонымен бірге Хатлон облысы Дусти ауылындағы 1080 оқушыға лайық жаңа мектептің құрылысына символикалық түрде кірпішін қалады. Бұл мектепке түркімен әдебиетінің классигі Махтумкулидің есімі берілетіні айтылды.
newstaraz.kz