Новости на Newstaraz.

Шойгу: «Ислам мемлекетінің» содырлары Ауғанстанға өтіп жатыр

Шойгу: "Ислам мемлекетінің" содырлары Ауғанстанға өтіп жатыр

НАТО әскерін Ауғанстаннан шығарып жатқан уақытта «Ислам мемлекетінің» содырлары осы елге келе бастады. Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу Душанбеде журналистерге осылай деп мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Ауғанстанға көптеген елден, соның ішінде Сирия мен Ливиядан терроршылар келіп жатыр. «Кейбір аймақта тіпті содырлардың осы елге баруын жақсылап ұйымдастырған», — дейді Шойгу.

Ресей қорғаныс министрі бұны 28 шілдеде Душанбеде Шанхай ынтымақтастығы ұйымының жиналысынан соң айтты. Қорғаныс министрлерінің басқосуына журналистерді кіргізбеді.

Ресми мәлімет бойынша, ұйымға мүше елдердің қорғаныс министрлері Ауғанстандағы жағдайды талқылаған.

Ресей баспасөзінің хабарлауынша, Сергей Шойгу Ресейдің Тәжікстанға көмектесетінін, қару беретінін айтқан.

Бір апта бұрын Ресейдің Тәжікстандағы күштері шілденің аяғына дейін 17 БМП-2М алатыны мәлім болды.

«Талибан» қозғалысы Ауғанстанға көрші елдерге тиіспеуге уәде бергенімен, тәліптер ауған-тәжік шекарасын қорғауды Тәжікстанда тыйым салынған «Ансоруллах» тобына тапсырған. Бұл топтың көптеген содырын Душанде халықаралық іздеуге берген.

Источник

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Translate »