Новости на Newstaraz.

Италиялық дизайнер жұмысы Өзбекстан рәміздерін сыйламау деп танылды

newstaraz.kz

Кроссовки Stefano Ricci с гербом Узбекистана (фото с сайта glamourboutique.uz)

Италиялық дизайнер Стефано Риччи жасаған аяқ киімде өзбек туы мен елтаңбасының бейнеленуін Өзбекстанның әділет министрлігі «рәміздерді сыйламау» деп атады.

Министрлік таратқан мәліметте «бұл жағдайды елдің мемлекеттік белгілерін, соның ішінде туы мен елтаңбасын сыйламау деп бағалауға болады» делінген.

Әділет министрлігінің хабарлауынша, «Мемлекеттік елтаңба туралы» заңда Өзбекстан елтаңбасын коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынған, ал мемлекеттік белгілерді мазаққа айналдырғандар заңмен жазаланады.

Министрлік мәлімдемесінен соң, Ташкенттегі Glamour бутигі Стефано Риччидің коллекцияларына қатысты ақпаратты сайты мен әлеуметтік желілердегі парақтарынан алып тастады.

Бұның алдында жергілікті баспасөз италиялық динайзент Стефано Риччи Өзбекстан үшін аяқ киімдер коллекциясын ұсынғанын, онда елдің туы мен елтаңбасы бейнеленгенін жазған.

Мәліметтерге қарағанда, Өзбекстан елтаңбасы бейнеленген ақ кроссовка 18 миллион сум (1695 доллар), көк кроссовка 24 миллион сум (шамамен 2,5 мың долар) тұрады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »