Новости на Newstaraz.

СІМ: Астанаға Сирия қарулы оппозиция өкілдері келді

newstaraz.kz

Астанада өтіп жатқан Сирия бейбіт келіссөзіне қарулы оппозиция өкілдері келді. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов жергілікті ақпарат құралдарына хабарлаған.

“Сирия қарулы оппозиция өкілдері Астанаға бүгін таңертең келді. Барлығы 24 адам. Делегацияны Ахмад Том басқарып келді” дейді Әнуар Жайнақов.

Оның айтуынша, кездесу бойынша жалпы отырыс түстен кейін шамамен сағат 15.00 белгіленген.

14 мамырда Астанада Иран, Ресей және Түркияның қолдауымен тоғызыншы Сирия бейбіт келіссөзі басталған. Форум жабық жағдайда өтіп жатыр. Оған БҰҰ мен Сирия делегациялары келген.

Министрліктің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақовтың айтуынша, АҚШ делегациясы бұл жолғы кездесуге қатысудан бас тартқан.

СІМ бұған дейін кепіл елдер келіссөзде Сириядағы қазіргі жағдайды, оның ішінде деэскалация аймақтарындағы ахуал мен гуманитарлық мәселелерді және өзара сенімді нығайту шараларын талқылайтынын хабарлаған.

Астана келіссөзінен бөлек, бұған дейін Біріккен Ұлттар ұйымының қолдауымен Женевада Сирия бейбіт келіссөзі өткен еді.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »