Новости на Newstaraz.

АҚШ пен Өзбекстан 4 миллиард долларлық келісім-шартқа қол қояды

newstaraz.kz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің АҚШ-қа сапары барысында Өзбекстан мен АҚШ арасында құны 4 миллиард долларлық келісім-шарттар қабылданады.

Бұл турасында америка-өзбек сауда палатасының төрайымы Кэролин Лэмм “Узбекистан 24” телеарнасына берген сұхбатында хабарлады.

Оның айтуынша, құжаттар сауда, коммерция, инвестиция саласына қатысты. Сауда палатасының төрайымы екі елдің әсіресе, мұнай-газ және түрлі-түсті металлургия бойынша әріптестік орнатуға мүдделі болып отырғанын атап айтқан.

Бұған дейін Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі Шавкат Мирзияевтің Ақ Үйге алғашқы сапары мамырдың 15-17 аралығына жоспарланғанын хабарлаған.

Трамп пен Миризяев ең алғаш рет 2017 жылы мамыр айында Эр-Риядта өткен араб-мұсылман елдері және АҚШ арасындағы саммит барысында кездескен.

Мирзияев өткен жылы күзде Нью-Йоркке сапарында бірқатар америкалық компаниялардың өкілдерімен кездесіп, екіжақты бизнес-форумға қатысқан. Форумның нәтижесінде АҚШ компанияларымен жалпы құны 2,6 миллиард доллар болатын, мұнай-газ, мұнай-химия, машинақұрылыс, электротехника өнеркәсібі және азаматтық авиация саласына қатысты құжаттарға қол қойылған.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »