Новости на Newstaraz.

Сот Медведчуктың 154 мүлкін тәркілеу жөнінде шешім шығарды

newstaraz.kz

Украина соты ресейшіл саясаткер Виктор Медведчук пен оның әйелі Оксана Марченкоға тиесілі 154 мүлкін тәркілеу жөнінде шешім шығарды. Бұл жөнінде Украинаның мемлекеттік тергеу бюросы мәлімдеді.

Тәркіленген мүліктердің ішінде 26 көлік, 30 жер учаскесі, 23 үй, 32 пәтер, 17 көлік қоятын тұрақ және кемелер бар. Сонымен бірге саясаткер мен әйеліне тиесілі 25 компания бұғатталған.

Медведчуктың өзі екі күн бұрын Украинадан қашып кетпек болған жерінен ұсталды. Ол бір жарым ай бойы Киевтегі зәулім үйлерінің бірінде тығылып жатқан.

Украина қауіпсіздік қызметінің басшысы Иван Баканов Медведчук өзін-өзі жариялаған Приднестровьеге құпия түрде қашып кетпек болған. Бірақ арнайы қызмет оның жолын кесті. Украина президенті Владимир Зеленский Ресей билігіне оны украин тұтқындарына алмастыруға ұсыныс жасады.

Медведчук — «Өмір үшін оппозициялық платформа» лидерлерінің бірі. Ол Владимир Путинмен өте жақын араласады. Ресей президенті — Медведчуктың қызының өкіл әкесі. Ол ұсталған кезде Ресей билігі украин саясаткері ұсталды деп, Мәскеудің оған ешқандай қатысы жоқ екенін айтқан. Дегенмен Ресей думасының төрағасы Вячеслав Володин Медведчуктың тағдырына Зеленский жауапты деген.

Медведчук былтырдан бері шартты түрде Жоғарғы Раданың депутаты. Ол мемлекетке сатқындық жасады деген айыппен үйқамақта отырған. Ол жоғалып кеткеннен кейін, сот оны сырттай қамауға алу жөнінде шешім шығарған. Оның әйелі Оксана Марченко шетелден мәлімдеме жасап, Зеленскийден күйеуін тез арада босатуын талап етті.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »