Новости на Newstaraz.

Түркімен басшысы Ташкентке келіп, Ауғанстанды талқылады. Екі елдің көздегені не?

newstaraz.kz

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Өзбекстанға барып, ел президенті Шавкат Мирзияевпен кездесті. Екі ел үшін өте маңызды кездесуде олар осы күндері аймақтағы негізгі тақырыпқа айналған Ауғанстан мәселесін талқылады.

Түркіменстан мен Өзбекстан Ауғанстанға қатысты ұқсас саясат ұстанады. Олардың ықыласы Ауғанстан арқылы өтетін сауда жолдарының экономикалық әлеуетіне ауып отыр.

5 қазандағы кездесуде екі президент те Түркіменстан мен Өзбекстанның «Ауғанстан халқына» көмек көрсетуді жалғастыра беретінін анық байқатты.

Шавкат Мирзияев Ауғанстандағы жағдай «аймақтың дамуындағы қауіпсіздік пен орнықтылыққа» көп ықпал ететінін мәлімдеді.

Бұл жердегі негізгі пікір «орнықты даму» тіркесі болғандай, себебі Түркіменстан мен Өзбекстанға көп пайда әкеле алатын, бірақ Ауғанстандағы тұрақтылық пен осы елге жауапты тұлғалармен әріптестікті қажет ететін жобалар бар.

Солардың бірі – түркімен газын Ауғанстан арқылы Пәкістан мен Үндістанға жеткізеді деп межеленген TAPI жобасы. 1800 шақырымға созылған газ құбыры жылына 33 миллиард текше метр газ экспорттауға мүмкіндік береді деп болжанып отыр.

TAPI жобасы «Талибан» Ауғанстанда 1990-жылдары билік құрған кезде де қарастырылған. Бірақ елде қауіпсіздік орнамай, жобаны жүзеге асыру мүмкін болмады.

Қазір Түркіменстан тәліптерге келгенде елдің бірінші президенті Сапармұрат Ниязовтың саясатын ұстанады. Ол Түркіменстанның экономикалық мүддесі үшін билікте отырған кез келген тараппен істесуге дайын болған.

Басқа елдерге қарағанда тәліптерге ықпалы басымырақ Пәкістан да TAPI газ құбырының салынғанын қалайды.

Табиғи газдың 1 мың текше метрі мың доллар болып, баға рекордты көрсеткішке жетті. Қаржыдан тарыққан Түркіменстан жобаның алға жылжуын асыға күтіп отыр.

Жобаға инвестор тарту және қаржыландыру проблемасы әлі де бар. Оның үстіне жобадағы Үндістанның рөлі белгісіз. Кейінгі жылдары Үндістанның осы жобаға қатысу-қатыспауы бірнеше рет күн тәртібіне шыққан.

Егер Үндістан жобаға қатысудан бас тартса, оның үлесін Пәкістан қиналмай алатынға ұқсайды. Қазіргі келісім бойынша, TAPI іске қосылғанда Ауғанстан жылына 5 миллиард, Пәкістан 14 миллиард, Үндістан 14 миллиард текше метр түркімен газын сатып алуы тиіс.

Өзбекстан үкіметі тәліптермен әріптестікте Сапармұрат Низовтың үлгісін ұстанады.

Бұған дейін хабарланғандай, кейінгі 15 жылда Өзбекстан елді Ауғанстанмен жалғайтын инфрақұрылым жобаларына біршама қаржы құйған.

Өзбекстан темір жол арқылы Ауғанстанның солтүстігіндегі Мазари-Шариф қаласымен байланысқан.

Қытай Ауғанстанға тауарды осы жолмен жеткізеді. НАТО да Еуропа мен Ауғанстан арасында жүк тасымалдау үшін өзбек темір жолын пайдаланған.

Қаңтардың басында Өзбекстанда бірнеше электр станциясы істен шығып, Кабул жарықсыз қалды. 2019 жылы «Талибан» электр желісінің екі бағанын бұзып, ауған астанасында электр энергиясына тапшылық пайда болды.

Жуырда The Wall Street Journal Ауғанстан мемлекеттік электр энергиясы компаниясында импортқа төлейтін 40 миллион доллар барын, Орталық Азия елдері Ауғанстанға электр энергия жіберуін тоқтатуы мүмкін екенін жазды.

Бердімұхамедовтың Өзбекстанға сапары кезінде екі елдің ресми өкілдері Ауғанстанға электр энергиясын экспорттауды тоқтату жоспары жоғын мәлімдеді.

Түркіменстан мен Өзбекстанда дінге қатысты қатаң шектеулер бар. Алайда электр энергиясы экспорты мен Ауғанстанмен темір жол байланысы екі ел үкіметін тәліптердің діни экстремизмін елемеу сауда мүддесіне татитынына сендіргендей. Бұл ірі жобалар жүзеге асса, екі елге де пайдасы тиген болар еді.

Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камаловтың 7 қазанда Кабулға баруы мұны айқындай түскендей. Ол тәліпердің лауазымды тұлғаларымен Сурхон-Пули-Хумри электр желісі мен Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар темір жолының құрылысын талқылаған.

Түркіменстан мен Өзбекстанды Орталық Азиядағы басқа елдерден ерекшелендіріп тұрған тағы бір нәрсе бар.

Түркіменстан мен Өзбекстан Ресеймен де, Қытаймен шектеспейді. Бұл екеуі де оңтүстіктегі көршісін әлеммен байланысу мүмкіндігі көреді.

Оларға тәліптер ұнамауы мүмкін. Олар тіпті «Талибан» деген сөзді айтпай, «Ауғанстандағы үкімет» деуі мүмкін. Бірақ төзімділік пен топпен байланыс Түркіменстанға да, Өзбекстанға да көп пайда табуға көмектесе алады.

Бердімұхамедов пен Мирзияев олай демеді. Дегенмен, осы тұжырым олардың назарынан тыс қалмаған секілді.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »