Түркіменстан президенті 26 министрді қызметінен алды
Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов үкімет мүшелерінің еліндегі экономикалық жағдай жөніндегі есебінен кейін, 26 министрді қызметінен алды.
Қызметінен кеткендердің ішінде вице-премьер, білім, ғылым, денсаулық сақтау, спорт, жастар ісі және әлеуметтік қорғау министрлері бар.
Президент сонымен бірге Түркіменстанның Аустрии, Жапония, Бельгия, Франция, Түркия, Әзербайжан, Украина және Оңтүстік Кореядағы елшілерін де жаңартты.
Кіші Бердімұхамедов биыл 19 наурызда билікке келгеннен кейін Қауіпсіздік кеңесінің құрамын да өзгерткен.
newstaraz.kz