Түркіменстан президенті Ташкентке барды
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов 4 қазанда ресми сапармен Өзбекстанға келді деп хабарлады өзбек президентінің баспасөз қызметі.
Оны Ташкенттегі халықаралық әуежайдан мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевтің өзі күтіп алған.
«Гурбангулы Бердімұхамедов «Мустакиллик» алаңына барып, Тәуелсіздік және гуманизм монументіне гүл шоқтарын қойды», — делінген ресми хабарламада.
Екі ел президентінің ресми келіссөзі 5 қазанда «Көксарай» резиденциясында өтеді.
newstaraz.kz