Новости на Newstaraz.

Түркіменстан президентінің ұлы Сердар Бердымұхамедов жаңа қызметтерге тағайындалды

newstaraz.kz

9 сәуірде Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов ұлы Сердарды жаңа қызметтерге тағайындады.

Үш қызметті атқаратын Сердар Бердымұхамедов енді түркімен-орыс және түркімен-жапон үкіметаралық құрылымдарының түркімен тарапын басқарады.

Үкімет жиналысында президент Гурбангұлы Бердымұхамедов түркімен-орыс және түркімен-жапон үкіметаралық құрылымдардың тең төрағасы қызметін атқарған сыртқы істер министрінің орынбасары Рашид Мередовтің орнына вице-премьер Сердар Бердымұхамедовті қойды.

Биыл ақпанда 39 жастағы Сердар Бердымұхамедов үшін қосымша вице-премьер қызметі енгізілді. Бұған қоса, президенттің ұлы Түркіменстан қауіпсіздік кеңесіне кіреді, Түркіменстан жоғарғы бақылау палатасының төрағасы қызметін атқарады.

Сердар — «Түркімен алабайы» халықаралық қауымдастығының басшысы. Бұл ұйым Алабай күнін және иттер арасында сұлулық байқауларын ұйымдастырумен айналысады.

Бақылаушылар 63 жастағы авторитар президент ұлын билікке дайындап жүр деп топшылайды.

Сердар Бердымұхамедовтің саяси мансабы 2016 жылы басталды. Сол жылы ол Түркіменстан парламентіне сайланған. Содан бері оның қызметі өсіп жатыр.

Ресми баспасөзде Түркіменстан президентінің ұлын «халықтың ұлы» деп атап, оның әкесімен бірге жүруін «ұрпақтар сабақтастығының белгісі» деп көрсетеді.

centralasian.org

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »