Түркіменстан шығысында ел президентінің сапарына бір айдан бері дайындалып жатыр
Сотрудник госучреждения на субботнике. Туркменистан (архивное фото)
Түркіменстанның Лебап облысы секілді Мары облысында да президент Гурбангулы Бердымухаммедов сапары алдында ірі көлемде дайындық жүріп жатыр.
Дереккөз хабарлағандай, түркімен президентінің шығыс аймаққа сапары тамыз айының соңында жоспарланған. Бердымухаммедов аймақтағы газқұбырлы электр станцияның ашылуы салтанатына қатысады деп күтіледі.
Жаппай сенбілік, жолдарды жөндеу және көше тазалау – мұның бәрі президент сапары алдында жүретін дайындық.
«Чаржоу ауданындағы зауытқа баратын жолдың 10 шақырым бөлігіне қайтадан жол салынып жатыр. Егер президент тікұшақпен келсе, жолды жөндеудің қажеті қанша? Неге одан қайта он жылдап қараусыз қалған көшелерді жөндемейді?!», — дейді аудан тұрғыны.
Чаржоу ауданында түрік-жапон компаниялары құрған газқұбырлы электрстанцияның қуаты 423 мегаватт.
Станция мамандарының сөзінше, электр станция толық іске қосылған кезде, Ауғанстан мен Өзбекстанға электр энергиясын экспорттауға мүмкіндік туады.
newstaraz.kz