Түркіменстанда мұғалім 19 жастағы қызды өлтірді деген күдікке ілінді
Тәуелсіз Turkmen.news басылымы 12 шілдеде Дашогуз қаласында 19 жастағы қызды көршісі өлтіргенін жазды.
Бұл мәліметті Азаттықтың түркімен қызметінің Дашогуздағы тілшісі де растады. Ақпаратқа қарағанда, қызды өлтіруге Дашогуз қаласының №6 мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі күдікке ілінген. Ол көршісінің үйіне ұрлық жасамақ болған. Үйде мединституттың 1-курсын аяқтап, демалуға келген қызы болған.
Күдікті ұрлық жасау кезінде қызды көріп қалып, оны балтамен ұрған.
Полиция күдіктіні қамауға алған. Ол көршісінің үйінен сейф ұрламақ болған. Қызды өлтіргенін мойындаған.
newstaraz.kz